«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының мәжіліс залында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.1. «AMANAT» партиясы Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағарламасын орындау жөніндегі Жол картасында атқарылған жұмыстар туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметовтың есебі. 2. «AMANAT» партиясы Сауран аудандық мәслихаты депутаттарының Сайлауалды бағдарламасы мен Жол картасы аясында және БПҰ бірлесе атқарған жұмыстары туралы есептері. Мәжіліске Саяси кеңес Бюро мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері қатысты. Бюро мәжілісін Сауран аудандық партия филиалының төрағасы С.Асылбеков ашып жүргізіп отырды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметовқа сөз берілді. И.Мырзахметов баяндамасында «AMANAT» партиясы Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағарламасын орындау жөніндегі Жол картасында жалпы 82 іс-шара көрсетілген болатын. 2024 жылға 67 іс–шара жоспарланған, салалар бойынша атап айтқанда: Кәсіпкерлік және туризм саласы бойынша 11 іс-шара көрсетілген болса оның 9 орындалған, 2 орындалу мерзімі келмеген жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде.Ауыл шаруашылық саласы бойынша 3 іс-шара болса оның 1 орындалған, 2 орындалу үстінде жыл соңына дейін орындалады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция саласында 8 іс-шара болса 7 орындалу үстінде 1 орындалу мерзімі келмеген жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде.Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар саласы бойынша 3 іс-шара көрсетілген жыл соңына дейін орындалады.Емхана саласында 10 іс-шара көрсетілген тоқсан бойынша жоспары орындалған.Адами әлеуетті дамыту саласында 4 іс-шара көрсетілген жыл соңына дейін орындалады.Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласы 8 іс-шара көрсетілген I-тоқсан бойынша жоспарлар орындалған.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша 11 іс-шара көрсетілген. 11 іс- шара жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде.Құрылыс саласы бойынша 2 іс-шара көрсетілген жыл соңына дейін толық орындалады деп күтілуде.
Аудандық полиция бөлімінде 4 іс-шара, тоқсан бойынша барлық көрсеткіштер орындалған.I-тоқсан бойынша іс-шаралардың жоспары толық орындалған.Жыл соңына дейін барлық салалар бойынша толық орындалады деп күтілуде, орындалмай қалу қауіпі жоқ екендігін баяндады.Мәжілістің күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша аудандық депутаттар кезегімен сөз алып, осы уақытқа дейінгі сайлауалды бағдарламаның орындалуы және Жол картасы төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Баяндамада қазір ауыл тұрғындарымен кездесулер тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, халықтың өтініштерінің басым бөлігі ауыз су, жер мәселесі және жолдар мен көпірлерге және табиғи газға қатысты екенін айтып, оның оң шешілуіне атсалысып жатқандығын жеткізді. Халық қалаулары қабылдау нәтижелері бойынша жергілікті билік өкілдері шеше алмайтын кейбір мәселелерді депутаттық сауал ретінде жолдағандықтарын атап өтті. Мәжіліс барысында Бюро мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, бір қатар жұмыстарды жүйелендіру керектігі айтылды, нақты ұсыныстар берілді.