Қоғам

САРЫАҒАШ: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгінгі Сарыағаш аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысына «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев, комиссия мүшелері, Жылға, Дарбаза ауылдық округінің әкімдері Ғ.Бижанов, Б.Әуезов, аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Акатов, Сарыағаш аудандық өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Д. Нурманов және мектеп басшылыры қатысты.​ Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: 1. Білім саласында қаржыны тиімді, мақсатты пайдалану және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы аудандық білім бөлімі басшысы Д.Акатовтың есебі 2. Ауданда жазғы маусымда дала өрттерінің алдын алу жұмыстарының барысы туралы Аудандық өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Д.Нұрмановтың есептері тыңдалды.

Сондай-ақ аудандық мәслихаттың депутаты, ыстық тамақтың сапалы босатылуын зерделеу тобының жетекшісі Н. Делишев өз хабарламасында бірнеше ұсыныстар мен кемшіліктерді жою жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша хабарламашыға комиссия мүшелері тарапынан мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген қаражаттың тиімді, әрі мақсатты жұмсалуларын қатаң бақылауға алуды және аудан көлеміндегі орта білім беру ұйымдарындағы берілетін ыстық тамақтың сапасы мен берілу тәртібін қадағалауды күшейтуді, ыстық тамақ беретін асханалары жоқ 12 мектепке жаңа оқу жылына дейін тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша дала аумақтарын өртке қарсы қорғаудың қажетті деңгейлерін қалыптастыру, қала, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып дала өрттерін сөндіруге ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын құру және өртті сөндіруге жұмылдырылатын техникалардың жанар-жағар майларын ұйымдастыру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.Отырыс соңында тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер партияның тікелей бақылауында болатындығы ескертілді. 

Қатысты жаңалықтар

Қай алмаға көзіңіз түсті: өзгерту керек жаман қасиетіңізді анықтаңыз

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 24 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАНАДЫ

azatmedia

Балалардың отпен ойнауының салдары жақсылыққа жеткізбейді

azatmedia