Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кезекті кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары басталды.
Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында мамыр айының 27-31 және маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.
Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны?», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды. Осы орайда, жоспарға сәйкес, Жетісай ауданындағы Жаңаауыл және Жылысу ауылдарында кездесулер өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, Түркістан облысының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жетісай ауданына жауапты маманы Болат Әбділкәрім, Жетісай аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Халим Турсунов, этномәдени бірлестік мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ кездесулер Мақтаарал ауданындағы Нұрлыбаев а.о. мен Жаңажол ауылында жалғасты. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдарының (Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кабинеті, ЭМБ-нің төраға және мүшелері, «Ассамблея жастары») мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.
Жиында аудандық мәслихат депутаты Сәбит Молдабеков пен әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамис Махмудов ел бірлігін нығайту жайында сөз сөйледі. Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.