Санатталмаған

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ!

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы М. Жанесеннің «Шомылу маусымындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау туралы іс-жоспары» кестесіне сәйкес, Аманкелді ауылы, Арыс өзені, Шарафкент ауылы, Балықты өзенінде демалушылармен «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында белгіленбеген жерлерде шомылу қауіптілігі мен алдын алу бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, 35 дана ескертпе парақшалары таратылды. Үгіт насихат жұмыстарына Түлкібас ауданының ТЖБ-нің бастығы а.қ. подполковнигі Б. Әзімбаев, №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы а.қ. подполковнигі Е. Тойлыбаев, аға инженер а.қ. капитаны Б. Оксикбаев, АПБ Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау тобының инспекторы полиция майоры Н. Мұздыбаев қатысты.

Демалушылардың назарына:
Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу, адам өміріне қауіпті екенін, балаларды өз еркімен таныс емес белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтыны туралы ұдайы ескертіп отыру керек.

Алайда су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн. Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Суда шомылудың қауіпсіздік шараларын назарларыңызға салады:
-Суға тек рұхсат етілген орындармен жағажайларда шомылыңыз
-Суға шомылатын жерді, судың тазалығы мен, тереңдігін мұхият тексеріп алыңыз,
-Ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға, тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз,
-Суға түскенде бір- біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз
– Тыйым салынған орындарға шомылуға;
– Алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға ;
– Терлеп тұрған кезде денені суға үйретпей, түсуге
– Қоршау белгілерінен асуға болмайды.

Есте сақтаңыздар! Судағы аппаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру