Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалардың екінші отырысы өтті. Аталған шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Н.Сейтжанов, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Алипов, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және азаматтық қоғам институттарының (ҮЕҰ, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық кеңестер) өкілдері қатысты.Жиынға төрағалық еткен облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Н.Сейтжанов облыстағы азаматтық қоғам институттарымен жұмыс – Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамдық дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқандығын атап өтті.Айта кетсек, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты сақтау, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, халықтың көкейіндегі сұрақтарды ашық талқылауда азаматтық қоғам институттарының маңызы зор.Мемлекет дамуының айқындаушы параметрінің бірі – азаматтық қоғам секторы екені белгілі. Мемлекеттің табыстылығын – азаматтық қоғам институттарының жемісті және тиімді қызметінен аңғаруға болады. Өйткені бұл биліктің азаматтық қоғам ұйымдарымен ашық және сенімді қарым-қатынас орната алуының дәлелі.Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары Ж.Хамраев, Р.Алтынбеков, А.Көшкінбай азаматтық қоғамды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сонымен бірге, жиынға қатысқан белсенді қоғамдық бірлестіктердің төрағалары тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар айтты.

Қатысты жаңалықтар

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» — ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӨҢІРГЕ МАҢЫЗДЫ САЛАЛАР БОЙЫНША ӨТІНІШТЕР ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДА АҒЫН СУДЫ МОЛАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

azatmedia