Бүгін Арыс қалалық партия филиалының мәжіліс залында мәслихаттағы партиялық депутаттық фракциясының жиыны өтті.Партияда өткен жиынға фракция жетекшісі Амантай Байтанаев, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және партиялық фракция мүшелері, бірқатар жауапты мекеме басшылары қатысты.
Кезекті фракция отырысында Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ауезхан Бейсенов және Арыс қаласы әкімдігінің бас инспекторы Бауыржан Төлбасиев қала көлемінде орныққан аптап ыстық кезеңде өрт қауіпсіздігін қамту, табиғи апаттың алдын алу жұмыстарының барысы жөнінде баяндады.Жауапты мекемелердің есебін тыңдаған аманаттықтар өрт қауіпсіздігінің алдын алу бағытындағы іс-шаралардың орындалуы бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Осы және өзге де салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінен өрт сөндіру бекетін салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге ықпал жасауын сұрады.Өзекті мәселеге айналып отырған ұсынысты фракция мүшелері бірауыздан қолдап, депутаттық сауалдар жолдап, тиісті көмектер беруге атсалысатындарын жеткізді.
Жиын қорытындысымен қабылданатын құжатта өзекті мәселелердің барлығы қамтылып, депутаттар тарапынан да, партия филиалы тарапынан да олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.