Санатталмаған

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

AzatMedia. Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде бекітілген 4 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы– Есембаева Тамара Тұрарқызы бюджеттің 5 айға болжамды орындалуы туралы баяндама жасап, ауылдық округтер тарапынан атқарылу қажет кемшіліктерді қамтып өтті.

Екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы – Сулейменов Нұржан Тілеуқабылұлы 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы мен 2020-2021 жылдарға жылу беру маусымына дайындығы және санитарлық тазалық бойынша аудан аумағында атқарылған жұмыстың барысы туралы баяндады.

Үшінші мәселеге келер болсақ аудандық білім бөлімінің басшысы – Қадырбек Ержан Изтайұлы аудан мектептерінің 2019-2020 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауы мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы кеңінен тарқатып, карантин кезіндегі онлайн өтетін шаралар барысына тоқталып өтті.

Төртінші болып мінбеге көтерілген аудан әкімінің аппарат басшысы – Орманов Ербол Керімбекұлы аудан әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Н.Байғұт бекітілген мерзімде тапсырманы орындамаған округ әкімдері мен бөлім басшыларын сынға алып, жұмысты жүйелендіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Қыс қамын, жаз ойла» дегендей, мәжіліс барысында аудан басшысы қысқа дайындық жұмыстары бойынша көгілдір отынға өтпеген білім, мәдениет, спорт және медицина саласына қатысты ғимараттар бойынша нақты тапсырмалар беріп, бекітілген мерзімде аталмыш мекемелердің қазандығын көгілдір отынға қосуды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тазалығы және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты тапсырмалар беріп, іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру