Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

“AМANAT” партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі жол картасында ауыл аймақтарда әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу, тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары белгіленген. Бұл міндеттердің атқарылуы аманаттық өкілдердің тұрақты назарында.

Облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов және Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Нұран Марат Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округіне қарасты «КХКZ-28 КХ-45 «Айнатас-Қақпақ»-Калинина (Тұғыртас) аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-7,25 шақырымында партиямыздың жол картасы аясында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Жөндеу жұмыстары 4 айда бітуі тиіс. Мердігер «Алем Транс Жол» ЖШС, ал техникалық қадағлаушы: «EMАAR Group» ЖШС-і. Қазіргі таңда мұнда су өткізгіш құбырларын орнату және ескі асфальт жабындысын фрезалау жұмыстары жүргізілуде. Нысандағы жұмысты бақылаған халық қалаулылары мердігер мекемеге анықталған бірқатар кемшіліктерді ескертіп, құрылыстың сапасына мән беру керектігін айттты. Сын-ескертпелер бойынша жұмысты белгілеген уақыт мерзімінде реттеп қою тапсырылды.

Сондай-ақ, аманаттық депутаттар Нұржан Аширов пен Марат Нұран және Қазылқия ауыл округінің әкімі Біржан Махсутов Қызылқия ауылындағы салынып жатқан 100 балаға шақталған білім ұясы құрылысының бүгінгі ахуалына назар аударды. Мандат иелері республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан білім ошағының сапалы және уақытылы бітуіне мән беруді жүктеді.Айта кетейік, ауыл әкімі мердігерден аталған құрылыс нысанына Қызылқия ауылы тұрғындарын жұмысқа тартуды ұсынып, бүгінде мұндағы құрылыс жұмыстарына ауылдағы жұмыссыз жандар жұмылдырылыпты. 

Қатысты жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,6 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ МЕН КӨШЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

azatmedia

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ УАҚЫТ БЕРДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia