Ана – асыл жан! Ана барда – әлем құлпырады.
Бүгін Шымкент қаласында “Аналар” күні қарсаңында, алтын құрсақты аналар құрметке бөленді.
Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана – “Алтын алқа” және 101 ана – “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана – “Алтын алқа”, 3 874 ана – Күміс алқа” иегерлері.