Өрт сөндірушілердің жұмысы әр түрлі күрделі жағдайларда жүзеге асырылады. Оған қоса өртті сөндіріп қана қоймай, адамдарды да құтқару қажет сәттер орын алуы мүмкін. Бұған әдеттен тыс жоғары температура, түтін, жанатын заттардың уыттылығы кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан мамандардың кәсіби деңгейі тек теориялық қана емес, практикалық түрде де сыналады. Өрт сөндіруші кез-келген жағдайға дайын болуы тиіс.
Өртке қарсы қызмет қызметінің негізгі бағыттарының бірі тыныс алуға жарамсыз ортада ТЖ жою болып табылады. Газ – түтіннен қорғау қызметі қызметінің ерекше сипатына байланысты, өрт сөндірушілерді даярлау тыныс алуға жарамсыз ортада өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жедел ден қоюға және тиімді іс-қимылдарға әзірліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуді көздейді.
Қысылтаяң жағдайларда өрт сөндірушілердің қауіпсіз еңбектеріндегі табыстылығы, өткізілетін сабақтарда дұрыс ұйымдастырылған практикалық дайындықпен айтарлықтай жоғарлатуыболып табылады. Сондықтан өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының дайындығы бастапқы дайындық кезінде де, одан әрі тактикалық-арнайы даярлық жүйесінде де ұйымдастырылады. Өрт сөндірушілердің психологиялық дайындығын арттыру масқатында от жолағынан өту жаттығуы өткізіледі.
Жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның техникалық сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты кәсіби шеберлігін арттыру және жауынгерлік дайындықтарын пысықтау. Төтенше жағдай немесе өрт кезінде өрт сөндіруші қорқып немесе шатасса, онда оның физикалық дағдыларының пайдасы болмайды. Аталған сабақтарда негізгі міндеттер жеке құрамның ерік-жігері мен моральдық-психологиялық қасиеттерін, нақты іс-қимылға жақын күрделі жағдайда ой елегінен ойлау қабілеті дамыту. Бұл жаттығулар қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық дәрежесін шыңдауға көмектеседі.