Алдамшы улы газ – алдын ала сақтандыру шараларына мұқият болған жөн.
Қазіргі таңда иіс тиіп улану сынды келеңсіз оқиғалар жиі тіркелуде. Мұндайда «жылыту маусымында бұрыннан осы іспеттес жағымсыз жағдаяттар әдеттегіге қарағанда біршама көбірек кездесетін» деп, бар кінәні қыстың суық күніне артып, салдарлармен ғана күресіп қарап отыруға әсте болмайды.
Жалпы, өрт, иіс тиіп улану жағдайлары көбіне жер үйлерде, соның ішінде талапқа сай емес мекенжайларда жиі болып жатады. Осы орайда кәдімгі пештерді үйді жылыту құралы ғана емес, өзекті өртер өкініштің, қауіп-қатердің ошағы, бастау көзі екенін естен шығармағанымыз жөн-ақ.
От жағу маусымында өрттің туындауының негізгі себебі от жағу пештерін салғанда және пайдаланғанда өрт қауіпсізді талаптарының бұзылуы болып табылады. Статистика бойынша, өртте қаза болған барлық адамдардың 75% от жағу пештерін пайдаланып иісті газбен уланып зиян шеккендер.
Иісті газ ол уландырғыш газ оның иісі жоқ, оны көру немесе адамды бірнеше минут ішінде өлтіруі мүмкін иісі бойынша білу мүмкін емес. Исті газ адам ағзасына енгенде қанның оттек кислородын алып жүру қаблеттілігі төмендейді, мидың қайтымсыз зақымдалуына, жүрек ауруымен ауыратын адамдардың кеуде ауруына немесе жүрек ұстамасына әкеледі.
От жаққанда пешті дұрыс пайдаланып және жұмыс жағдайын ұстаған кезде шыққан иісті газ мөлшері әдетте қауіп төндірмейді. Жанып бітпеген отыны бар және ысырмасы жабылған пеш иісті газдың және білінбейтін удың көзі болып табылады.Отын толығымен жанды деп есептеп, пеш иелері жылуды сақтау үшін түтін жолындағы ысырманы жабады. Әлсіз жанып жатқан көмір ауа жетіспегендіктен исті газ шығаралы, ол герметикасыз пештің саңлауларынан үй ішіне тарайды.
Түтіннің әлсіз тартылуы және ауа жетпегенде сондай-ақ отынның толық жанбауы орын алады, салдарында исті газ жиналады. Түтін жолдарын тазалау аса ауыр емес – жылына екі рет, жылу беру маусымының басталуы мен аяқталуы кезеңінде, түтін жолдарын, кірпіш қалауларының және модульдің тоғысқан жерлерінің жіктері герметикалылығын текесеру, қажет болған жағдайда ішкі қабырғаларын күлден тазарту жеткілікті. Пештің тұрбасына жалғасқан түтін жолдарын тексеруге ерекше назар аударыңыз.
Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.
Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес.
Улы газ дем арқылы ішке кеткенде:
- қанның оттегін тасымалдау қабілетін төмендетеді;
- миға орны толмас зақым келтіруі мүмкін;
- жүрек ауруы бар адамдардың кеуде тұсы ауыруы немесе жүрек қысылуы мүмкін.
- Улану белгілері:
- бұлшық еттердің әлсіреуі;
- бас айналу;
- құлақ шуылы;
- жүрек айну;
- құсу;
- ұйқы келу; кейде, керісінше, аз уақытқа белсенділіктің артуы; соңынан, жүру тепе-теңдігінің жоғалуы, теңселу;
- сандырақтау;
- елес қуу (галлюцинация);
- есінен тану;
- талу;
- кома және тыныс алу орталығының семуінен болған өлім. Тыныс алу тоқтағаннан кейін де жүрек біраз уақыт соғып тұруы мүмкін. Кейде адамдардың осындай уланудан кейін 2-3 аптадан соң ғана қайтыс болғаны туралы жағдайлар да болған.
- Улы газбен уланғанда улы газдың келуін тоқтатыңыз; жапа шегушіні таза ауаға шығарыңыз; жатқызыңыз, тыныштандырыңыз да таза ауамен дем алдырыңыз (газетпен желпіңіз, желдеткіш немесе кондиционер қосыңыз);
Ең көп тараған көздері — бұл газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбыр. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның жеткіліксіздігінен де үй ішіне улы газ жиналып қалуы мүмкін. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улы газбен улану қаупі күшейе түседі.
Қорыта айтқанда, жылыту маусымында сақтық шараларын күшейтіп, өрт, иістен улану оқиғаларын алдын алу жұмыстарын жандандырған жөн. Әйтпесе айдың күннің аманында жиі-жиі «әттеген-ай!» деп қапы қала беруіміз бек мүмкін. Бұл орайда тиісті қызметтер мен қарапайым тұрғындар арасында тығыз байланыс орнату маңызды-ақ.
Улы газбен улануды болдырмау үшін:
- ешқашан, тіпті, есіктері ашық болса да, қозғалтқышы қосулы машинаны гаражда қалдырмаңыз;
- генераторды ешқашан үйде, гаражда, жертөледе (подвал) қоспаңыз. Ашық тұрған терезе, есік немесе желдеткіш үйдегі улы газды ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ.
- генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;
- ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;
- ешқашан білмей, дағдыланбай және құралсыз от жаққыш құралдарды орнатпаңыз және қолданбаңыз;
- ешқашан газ плитасын, пісіру шкафын немесе кептіру құралын бөлмені жылыту мақсатында қолданбаңыз;
- ешқашан пісіру шкафының түбіне фольганы қоймаңыз, себебі ол газдың қалыпты жануына кедергі келтіреді;
- ешқашан желдетілмейтін газ құрылғысын жабық бөлмеде немесе жатын бөлмеде пайдаланбаңыз.
Иісті газбен уланудың белгілері: бұлшық еттердің әлсіздігі, бас айналуы, құлақ шулауы, жүрек айнуы, құсу, ұйқы келуі, галлюцинация, естен тану, тыныс алу орталығығының жабылуынан кома және қаза. Улану жағдайынан кейін 2-3 жұма өткен соң да улану салдарынан адамдардың қаза болу жағдайы орын алған.
Егер зардап шегуші есінен танған болса, жүрегіне жабық массаж жасаңыз және жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жасанды демалдырыңыз.
Есіңізде болсын, иісті газбен уланған жағдайда иісті газдың шығуын жою; зардап шеккенді таза ауаға шығару; жатқызу, тыныштықты және таза ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз ету. Егер зардап шеккен ессіз болса жедел жәрдем келгенше немесе есіне келгенше жүрекке жабық массаж және қолдан дем алдыру жасау.
Және де әрине «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.
Есте сақтаңыз, қауіпті иісті газ концентрациясы бар жерден зардап шеккенді шығарған уақытта, уланып қалмау үшін бірінші ретте өзіңізді қауіпсіздендіру қажет. Ол үшін марлі немеме бет орамал арқылы тыс алып тез әрекет жасау қажет.
Құрметті, Түркістан қаласының тұрғындары!
Қатты отынмен жанатын пеш жабдығына салғырт қарау — мезгілсіз өлімнің себебі болуы мүмкіндігін ұмытпаңыздар. Өз үйлеріңіздегі пештерге көңіл бөліп, өздеріңізді және жақындарыңызды қайғылы оқиғаларға ұшыратпас үшін оларды ретке келтіріңіз. Әсіресе, жылы және ылғалды ауа райы кезінде жану өнімдерінен улану ықтималдығы жоғары. Өздеріңізді және өз жақындарыңызды сақтаңыздар!
М.Хайдар, Түркістан қаласы ТЖБ басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны.