Газбен иістену жылыту маусымы кезінде өте жиі кездесетін жағдай болғандықтан басты мәселе болып саналады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, апта сайын газбен иістену оқиғаларының 3-4 жағдайы кездеседі және кейбір жағдайларда адам өлімімен аяқталады. Сондықтан газбен иістену және оның алдын – алу іс – шаралары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жылу беру маусымы басталасымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады. Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды.
Газ иісті және мүлдем иіссіз болып келеді. Иісті газбен уланғанын адам мүлдем сезбей қалуы мүмкін. Иісті газ ауа атмосферасына жанудың әсерінен пайда болып таралады. Ол газ және майлы пештер, ағаш, көмір пеші, газ құрылғылары, бассейндердегі су жылытқыштар және двигательдерден шығатын газдар. Өрт болып жатқан жерде немесе пеш құбырларының жарылуы, бітелген түтін жолдары, бітелген құбырлар, иісті газдың тұрғын үй немесе басқада жабық бөлмелерде иісті газдың жинақталуына әкеліп соқтырады. Адамдар сол иісті газбен ластанған ауамен дем алғанда уланады. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% көміртегі оксиді (СО ) болған жағдайда адамның бас ауруы мен тұншығуы сезіледі. Көміртегі оксиді ( СО ) концентрациясының 0,32% -ға көбеюі салдарынан адам сал болып калу, естен тану жағдайларына әкеліп соқтырады.1,2 % – дан жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде өміріне 3 минуттан кейін қауіп төнеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті.
Иісті газбен улану белгілері:
- Бұлшық ет әлсіздігі пайда болады;
- Бас айналып, құлақта шу естіледі;
- Тұншығуы сезіледі;
- Жүрегі айнып, лоқсу пайда болады;
- Адам сандырақтап, галлюцинация пайда болады;
- Естен танады;
Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек:
- Төтенше жағдайлар комитетіне 112, Жедел жәрдем 103, Өрт сөндіру қызметіне 101,газ құбырларын жөндейтін мекемеге 104 –ке хабарласу;
- Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерде көмектесу үшін алдымен өзінің уланып қалмау қауіпсіздігін сақтау керек. Ол үшін қол орамал, дәке немесе киімдерді сулап сол арқылы тыныс алу керек.
- Сондай – ақ бөлмелердің терезелерін ашып, иісті газбен демалуына жол бермеу, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, таза ауамен тыныс алуын қамтамасыз ету.
Иісті газбен уланудың алдын – алу іс – шаралары:
Пеш және пеш құбырларының жарылуын болдырмау, бітелген құбырларды, турбаларды тазалап түтін жолдарын ашу. Пешке от жаққанда, отын салғанда есік – терезелерді ашып үйді таза ауамен желдетіп тұру және оттың жанғанын қадағалап тұру керек. Әсіресе жатар уақытында оттың жануын қадағалау, өйткені адам ұйықтағанда иісті газбен уланғанын сезбей қалады және өрт салдарына әкеліп соғады.
Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауға тура келеді:
– тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
– пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз;
– автокөлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.
Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда, Сіз тұншықтырғыш газбен уланудың құрбаны болмауына әкеледі.
М. Нурмаханбетов,
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны