Ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТТІ

Түркістан өңірінің спортшылар қауымы еліміздің су басқан өңірлеріндегі жағдайға алаңдаушылық танытып, өз көмектерін көрсетті. Азық-түлік, сусын, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар тиелген жүк көлігі бүгін теріскей өңіріне жөнелтілді.Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев күрделі жағдай кезінде көмек қолын созған әріптестеріне алғысын білдірді.

“Бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде табиғи апат қаупі күшейіп, көктемгі су тасқыны басталды. Отандастарымыз су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып жатыр. Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы осындай сын сағаттарда танылады. Түркістан облысының спортшылары қашанда көмек қолын созуға дайын. Міне бүгін Түркістан облысының спортшыларының атсалысуымен Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жолға шықты” – деді Қанат Жарылқапұлы.

Сонымен бірге, Су тасқынынан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ өзге өңірлермен қатар көршілес мемлекеттер де қиын-қыстау кезеңде жәрдемдесуде. Бүгін Өзбекстан мемлекетінен Қазақстанға 15 жүк көлік гуманитарлық көмек келді. Оны Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және арнайы сүйемелдеу қызметі Келес ауданы аумағындағы Б.Қонысбаев кеден бекетінен күтіп алды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары көршілес елдің бұл көмегіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Бұл гуманитарлық көмек керуені Түркістан облысының Түлкібас ауданынан Жамбыл облысының шекарасына дейін сүйемелдеді.Сонымен қатар Жамбыл облысының Шақпақ ата ауылынан қабылданып, Жуалы ауданы, Тараз қаласы, Мойынқұм ауданы, Тұрар Рысқұлов, Шығанақ елді мекендерінен Қарағанды облысының Сарышаған елді мекеніне, Балқаш қаласына, Қарағанды қаласына дейін жеткізіледі.Түркістан облысының төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Карағанды облысына дейін сүйемелдейді.

Тасқын судың салдарынан зардап шеккен тағы бір аймақ Солтүстік Қазақстан облысы.

Бүгін, Түркістан облысынан шыққан арнайы жүк Солтүстік Қазақстан облысына облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәуленқұлов Жеңісбек атамыздың бастамасымен бір жүк көлік гуманитарлық көмекті жинауға жұмыс жасады. Сонымен қатар, зардап шеккен облыстың белсенділері Даканов Бурахан, Түркістан обылысынан шыққан “Серпін” бағдарламасының алғашқы түлегі Мыңбай Алфараби, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір мырза қазіргі таңда штабта белсенді жұмыс жасауда.

30 тонналық гуманитарлық көмек жиналып, оны ішінде тұрғындарға қажетті барлық заттар қамтамасыз етілген.

Азық-түліктен басқа қазан-ошақ, арба, самаурын секілді тұрмысқа қажетті заттар жеткізілді.

Күшіміз бірлікте!

Табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штабта белсенді жұмыс істеуде!

Отырар ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің гуманитарлық көмегі штабқа жеткізілді.

Айта кетейік, Түркістан облысында, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штаб ашылғанын хабарлаймыз!
Сонымен қатар, жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. Түркістан облысының қоғам белсенділері мен волонтерлер тобы құрылып, жұмысты бастап кетті.
Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек бұйымдары жинақталады. Түркістандықтарды белсенді атсалысуға шақырамыз!
Күшіміз бірлікте!
Қазіргі таңда, өңірімізден 5 белсенді жасы апатты аймақтарға жолға шығып көмек көрсету жұмыстарына қатысып, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге жолға шықты.
Гуманитарлық көмек жинау орны: Түркістан қаласы, Байбұрт 5 мекенжайы
Қабылдау уақыты: 09:00-19:00-ге дейін
Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады.

Қатысты жаңалықтар

ӨҢІРЛІК ДАМУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ҮЛЕС» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЕКІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«AMANAT» ҚҰЛАНҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

azatmedia