Ақпарат

ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛДАДЫ

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Күшіміз – бірлікте» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға мектептегі барлық қызметкерлер, оқушылар мен ата-аналары үлес қосты. Атқарылған шара барысында азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналық және құрылыс заттары, күнделікті тұтынатын керек-жарақ және басқа да қажетті тауарлар жөнелтілген. Аталған көмектің барлығы Қазақстанның батыс және солтүстік өңіріне жол тартып бара жатқан «Харекет» қайырымдылық қорына табысталды.Бүгінде су басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету бойынша Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Төтенше жағдай орын алғалы бері өңір атынан гуманитарлық көмек, қажетті техника, тіпті, көмекке жұмысшы күші мен ерікті жастар да аттанды.

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ: ВЕТЕРИНАРИЯ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Су тасқыны бойынша ахуалға қатысты мәлімдеме

azatmedia

Түркістан: Жақында департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі

azatmedia