Ақпарат

СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАЛУДА

Күшіміз бірлікте!Табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штабта белсенді жұмыс істеуде!
Отырар ауданы мен Кентау қаласы екінші гуманитарлық көмектерін штабқа жеткізді.Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында 27 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында штабтар ашылып, тұрғындардың көмектерін қабылдауда.Алғашқы күндері Түркістан облысынан гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жолға шықса, бүгін екінші үлкен керуен Батыс өңіріне жолға тартты. Алдағы күндері қажетті заттар жүк көліктеріне тиеліп, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жеткізіледі.
Аталған көмекке, Сайрам ауданы, Манкент ауылы “Оскарфид” жем зауыты және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының ұжымы мен облысымыздың аудан, қалалары атсалысты.
Айта кетейік, қазір Ақтөбе, Батыс өңірлерінде Түркістан облысынан барған 15 ерікті жас жұмыс апат аймағының қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, зардап шеккен тұрғындарға көмек үлестіріп, ауызашар ұйымдастыруда.Сонымен бірге, қоғам белсендісі Мамыр Олжастың бастамасымен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы өңірінің табиғи су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созып облысымыздың атынан ауызашар берді.
Қаратөбе ауданының тұрғындары өз кезегінде, шынайы ықыласпен білдірген киелі Түркістан облысының халқына өз ризашылықтарын, алғыстарын айтты.
Белсенділер алғашқы күннен бастап, гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.
Ал, Түркістан облысынан шыққан 15 волонтер алғашқы күндері Ақтөбе облысында, қазір Батыс өңірінде белсенділік танытып, еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда, көмек көрсету пунктерінде зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуде.Түркістан жұртшылығының көмегі Оралдағы ағайынға жеткізілді. Дәл қазір гуманитарлық көмек арнайы құрылған штабқа түсірілді.

Айта кетейік, табиғаттың тосын мінезінен қиын жағдайға тап болған отандастарымызға Сайрам ауданындағы жеке кәсіпкер “OSCARFEED” құрама жем зауытының басшысы Абдукадиров Нусратилло Мирзакаримовичтің демеуімен 200 отбасыға лайықталып азық-түлік өнімдері жөнелтілсе, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының ұжымы мен облысымыздың аудан, қалалары басқада қажетті заттар жинақталды.

Алдағы уақытта зардап шеккен отбасыларға көмектер үлестіріліп жеткізілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

«AMANAT»: ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ 

azatmedia

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia