Ақпарат

ТҮРКІСТАННАН ҚҰЛСАРЫҒА КЕЗЕКТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Атырау мен Түркістан халқы судан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созып жатыр.
Атыраулықтар тасқын судан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде «Күшіміз – бірлікте» акциясын қолға алды. Гуманитарлық көмек Атырау қаласы Студенттер даңғылы-29 мекен-жайы бойынша қабылданып жатыр. Көмек Қостанай, Ақтөбе облыстарына жөнелтілмек.
Түркістан облысындағы қабылдау пунктінде жолға жарамды тағамдар, киім-кешектер жинақталып жатыр. Бүгін Ақтөбе облысына жәрдемнің алғашқы легі жеткізілді. Негізгі көмек тиелген жүк көлігі ертең жолға шығады.

“Киелі Түркістаннан – Құлсарыға” деген атаумен гуманитарлық көмек жолға шықты. Игі шара түркістандық тұрғындардың ұйытқы болуымен қолға алынған.Қарғын судан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік, гигиеналық заттар, қайық, күрек, қазан-ошақ сынды қажетті заттар жіберілді. Сондай-ақ суда жүретін арнайы киімдер мен етіктер де бар. Жүктің жалпы салмағы 30 тонна көлемінде.

Айта кетерлігі, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне “Әділдік және өркендеу” қоғамдық қоры қолдау көрсеткен.Түркістан өңірінен қарғын судан зардап шеккен өңірлерге аталған көмек керуендері жалғаса бермек. 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған

azatmedia

ТӨЛЕБИ ӘКІМІ АРЫЗ-ӨТІНІШТЕРДІ МҰҚИЯТ ТЫҢДАП, ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

azatmedia

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

azatmedia