Ақпарат Жаңалықтар

КЕЛЕС: АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТАЛ ЕКТІ

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен келестіктер көктемгі ағаш көшетін егу жұмыстарын бастады. Әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған тазалық шарасы өңірдегі ауылдық елді мекендерде де өтіп, тұрғындар ағаш көшеттерін отырғызды.

Сондай-ақ, ауыл көшелерін тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартып, айналаның абаттануына үлес қосты. Өз кезегінде аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев тұрғындармен бірге Абай ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің бойынша шырша көшеттерін екті. – Бүгінгі бастамаға қолдау білдірген барша аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін. Бұл шыршалар өскен кезде көшені де көркейтеді әрі экологияны жақсартады. Ары қарайғы күтіп ұстау жұмыстарына осы көше бойындағы тұрғындар да атсалысқаны жөн, – деген аудан басшысы тазалық шарасы мен тал егу науқанына жергілікті тұрғындар мен аудан жастарын жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, жыл сайын қоршаған ортаны қорғау мақсатында өңірде елді мекендерді жасыл желекпен көмкеру тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жолғы акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру. Бүгінгі көктемгі тазалық шарасы барысында аудан бойынша мыңға жуық түп көшет егілді. Жалпы тазалық шарасы алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САЙРАМ АУДАНЫНДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН СОЛТҮСТІККЕ КӨШІРУГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ДА АТСАЛЫСАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ДИҚАНДАР ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БІРҚАТАР ЕГІН ТҮРІН ӨСІРУДЕ

azatmedia