Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев: “Барлық деңгейдегі әкiмдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсiн. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, проблемалық мәселелерді шешудiң жолдары мен мерзімдерін түсіндірсiн,”-деп әкiмдерге тапсырма берген болатын.
Осы орайда Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кезекті тұрғындарымен кездесуін Қарашық ауыл округінде жалғастырды. Ауыл округінде 12 мыңнан аса тұрғын бар. Басым көпшілігі диқаншылықпен айналысады. Кездесуде ауыз су, ағын су, табиғи газ және жол мәселелелері тұрғындар тарапынан көтерілді.– Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімі ауданымызға жасаған сапарында ауданды әрі қарай дамытуды тапсырды. Сіздермен 2023 жылы 24 қаңтарда есепті кездесу өткен болатын, сол кезде ауылдың маңызды 13 мәселе көтерілді, – деді аудан әкімі.Аудандағы табиғи газ мәселесінің өз шешімін табу үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Қорытындының да шығатын ауылы алыс емес. Демек, ауылды көгілдір отынмен қамту үшін жұмыстар жасалынып жатыр. Жолдар түзеледі. Электр бағаналары жаңарып, ауыл ауыз сумен қамтылады. Көшелер жарықтар орнатылып, жайылым жерлерді ортақ жайылымға қайтару жұмыстары қарқынды. Қарашықта тұрғындардың бірлігі мығым. Кәсіпкерлер тарапынан едәуір тірлік атқарылып жатыр. Қалталысы туған жерге туын тігуге асығады. Туған елге деген сүйіспеншілік бұл. Барлық даулы мәселелерді ынтымақтастықпен, тыныштықпен шешуге болады. Бұл ауыл ақсақалдарының сөзі. Бәтуә барда, тындырымды тірлік бар. Тұрғындардың қағидасы осы. Кездесуден кейін тұрғындар аудан әкімінің төрт айда жасаған жұмыстарына оң бағасын берді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді дер кезінде шешу сала басшыларына тапсырылды. Түйткілді мәселенің орындалуын бақылауды аудан әкімі өз міндетіне алды.Сонымен қатар, Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында ауылда бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты. Алдымен Рүстем Ибадуллаев басшылық жасайтын полителин құбыр шығаратын цехты аралады. Қазіргі таңда 6 адамды жұмыспен қамтыған. Өндіріс орны 10-160 диаметр аралығындағы полителин құбырын шығарады. Жылдық қуаттылығы 5522,9 м3 құрайды. Бұдан бөлек, аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы Кендебай Баймағанбетов басқаратын «Кендебай» шаруа қожалығындағы жылыжайының жұмысымен танысты. Бірнеше жылы басталған шаруа қожалығы жер көлемін ұлғайтып, 1,2 гектарға жеткізген. Бүгінде жылыжайда баклажан, балгар бұрышы, қызынақ самсап тұр. Саудалануға дайын. Жұмысын диқаншылықпен бастаған шаруа қожалығының төрғасы Кендебай Баймағанбетовтың айтуынша жылыжай – берекелі табыс көзі екенін, оған ерінбей қарап, баптаса мол өнім алатынын жеткізді. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.Одан бөлек, аудан әкімі Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы I тоқсанның қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуына тоқталды. 2023 жылдың 1 cәуіріне жалпы аудандық бюджет кірістері 145 пайызға орындалып, 180,0 млн. теңге жоспардан артық орындалған. Ауданға 6 млрд. 428,9 млн. теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 198,6%-ды құрады. Көрсеткіш облыс бойынша үшінші орынға тұрақтаған.Қаңтар айындағы есепті кездесу кезінде ауыл тұрғындары тарапынан маңызды 12 мәселе көтерілген. Оның бірі Оранғай елді мекеніндегі құрылысы аяқталмаған мектепті пайдалануға берілсе деген ұсыныс айтылған. Нәтижесінде 150 орындық мектеп құрылысын 2023 жылы қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Қаржы толық қаралған. Жалпы қаржысы 716 650 мың теңге. Мұнан өзге елді мекендердегі электр бағаналары ескіргенін алға тартты. Жергілікті бюджеттен, Түркістан және Бейбітшілік көшелеріне 2 дана трансформатор орнатуға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны- 4,3 млн. теңге. Түркістан – Кентау тас жолында Бостандық ауылы, Құсшы ата көшесіне бұрылу үшін, көлік жүруіне ынғайлы етіп, сызылған екі жолақты ашып беруін сұрады. Түркістан-Кентау автомобиль жолы облыстық маңызы бар автомобиль жолы болғандықтан, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданып, алдағы уақытта полиция ұйғарымына сәйкес, ашылатын болды. Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев әрбір тұрғынның талап-тілектері ескерілетінін, шешімін таппаған мәселелер бюджетке байланысты кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.Сондай-ақ, аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Иассы ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Жаңа қоныстанған 194 үй ауыз сумен қамтылады. Ол үшін Иассы ауыл округі Еңбекші Дихан елді мекенімен меморандум арқылы «Авангард-Ок» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Кездесуде тұрғындар тарапынан ауыл көшелеріне бейне бақылау камералары қойылса деген өтініш айтылды. Сонымен қатар, жайылымды жерді ұлғайтуды сұрады. Қазіргі таңда 7 тұлғаның 1022 га жерін ортақ жайылымға қайтаруға ортақ жайылымды кеңейтуге мемлекет мұқтаждығына қаулы қабылданып жұмыстар жүргізіліп жатқанын сала мамандары хабарлады.– Осы ауылдағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық біледі. Ауылды көркейту үшін жасалынатын жұмыстар тоқтамайды. Президентіміз Қ.Тоқаев та ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды тапсырып отыр. Біз ол тапсырманы орындауға міндеттіміз. Әрине, тек заң шеңберінде. Ауызбіршілік болған кезде ғана тірлік алға басады. Билік пен бұқара халық арасындағы байланыстың ашықтықтығын нығайту мақсатында мен әр үш ай сайын сіздермен кездесіп, мұң-мұқтаждықтарыңызды тыңдауға дайынмын,- деді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев. ️Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстар басшылық тарапынан назарға алынды. Тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайды. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Кездесуден кейін Ғалымжан Қарабайұлы округ тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Тұрғындардың мұң мұқтаждығын тыңдаған аудан басшысы тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, орындалуын қадағалауды ескертті.Сонымен қатар, Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Үшқайық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында ауылда атқарылып жатқан ілкімді бірнеше құрылыс нысындарын аралады. Алдымен Сұлтанбек Қожанов елді мекеніндегі су ұңғымасының жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатбылдының тікелей тапсырмасына сәйкес, қаржы қаралып, жаңару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімі Нұртас елді мекеніндегі жаңадан бой көтерген «Шекер ана» бөбекжай балабақшасына барды. Бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Ақберке Битанованың айтуынша қазіргі таңда 100 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр, 16 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылған. Нұртас елді мекенде заманауи спорт кешені бой көтеруде. Жеке кәсіпкер Нүркен Жанысбаевтың айтуынша жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында салынған кешенінде спорттың футбол, волейбол, баскетбол түрлерінен ойнауға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызға жуығы аяқталған.Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында ауылда атқарылып жатқан ілкімді бірнеше құрылыс нысындарын аралады. Алдымен жеке кәсіпкер Б.Әбішовтың «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан 74 орындық студенттар жатақханасына барып, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекеніндегі жаңадан ашылған 200 орынға лайықталған «Даму білім 1» бастауыш мектебіне барды. Бұдан соң елді мекенде 1976 жылы қазылған жер астынан шығып жатқан су құбырына барып, алдағы уақытта ауыз судың оңтайлы тиімді жобасын ұсынып, тұрғындарға қажетті ауыз су беру жолдарын талқылады. Бұдан бөлек, елді мекеннің орталық көшесінде орналасқан ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлердің есебінен салынып жатқан ұзындығы бір шақырымға жуық демалыс аллеясына барды. Ауыл әкімінің айтуынша алдағы уақытта ауылдың орталық көшесін абаттандыру, жасыл желекке айналдырып, тұрғындарға жайлы демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарының барысымен таныстырды.Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде алдағы жоспарлармен бөлісті. Аудан әкімінің ақпан айында ауыл округ тұрғындарымен кездесуінде 20 мәселе көтерілген. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев: -Облыс әкімі ауданымызға жасаған сапарында ауданды әрі қарай дамытуды тапсырды. Сол мәселелерді шешу бойынша жоспар жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 20 мәселе өз шешімін табуда,-деп бастады есепті кездесуін. І-жартыжылдықта Үшқайықта атқарылып жатқан істер ілкімді. Қазіргі таңда, ауыз су жүйесі арқылы елді мекен тұрғындарына 8 сағат ауыз су берілуде. Елді мекендерді 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ақау актісі мен сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті басқармаға ұсынылды. Жоба құны – 23 400,0 мың теңге. Ауыл тұрғындары Кезекте тұрған тұрғындарға жер телімін беру үшін жүргізілетін инфрақұрылымға қаражат бөлінуін сұраған. Тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 284,7 га жер қаралған. Оның ішінде 87 га инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге қаралған. Қазіргі таңда, бюджеттік қаржыны үнемдеу мақсатында, жобалаушы мекекемен меморандумға отырып, аудан көлеміндегі барлық жобалар әзірленетін болады. Оның ішінде инфрақұрылым мәселелері де шешімі табылатын болады. Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев: – Күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз. Сіздермен еркін пікір алмасып, сұрақтарыңызды тыңдауға дайынмын,-деді. Ауыл тұрғындары аудан басшысының атқарып жатқан жұмысына оң бағаларын берді.Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде хабарлады. Шаға ауыл округінде жарық мәселесі өзекті. Шоқтас елді мекенінде электр желісі жетіспейді. Салдарынан жарық жиі өшеді. Электр желілерін жаңартуды сұрады тұрғындар. Бершінтөбе елді мекенінің екі көшесіне асфальт төсеу, елді мекендерге ауыз судың уақытылы берілуі, жайылымдық және суармалы жерлердің жетіспеуі. Бұл тұрғындар талабы. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру, қоқыс тастайтын арнайы орынның қажеттілігі де айтылды. Мемлекеттік спорт мектебі мен халық санының өсуіне байланысты жаңа емхана керектігін де алға тартты. Жыл басында аудан әкімі тұрғындармен кездесуінде 14 мәселе көтерілген болатын. Соның бірі жедел жәрдемнің уақытында келмейтіндігі сұралған болатын. Мәселе өз шешімін тапты. Тағы бір мәселе Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылына мектеп қажеттілігі айтылған. 2025 жылы 300 орынды мектеп құрылысын жүргізу үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсыныс берілген. Мектеп құрлысын жүргізуге жер телімінін шығарып беруге Шаға ауыл округі әкіміне хат жолданған. Қазіргі таңда жер алу үшін жұмыстар жүргізілуде. Халықпен кездесу барысында: -Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жүйелі жұмыстар атқарамыз,-деді аудан басшысы Ғалымжан Қарабайұлы. Кездесуде мұнан өзге ұсыныстар тұрғындар тарапынан айтылды. Аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.