Санатталмаған

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӨЗЕКТІ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Шымкент қаласының Полиция департаменті карантинге қатысты тұрығнадарды мазалаған өзекті сұрақтарға жауап берді.

Еліміздегі қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты карантин шаралары жалғасатынын еске саламыз. Себебі, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарын мазалаған сауалдарға жауап берді.

СҰРАҚ: – Шымкентке кірер және шығар жолдағы блок-бекеттерден көлік пен жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің өту тәртібі қазіргі таңда қалай жүргізілуде?

ЖАУАП: – Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталған, дегенмен 25 мамырға дейін қала аумағындағы карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс атқаруда. Олар қызметтік планшеттермен автокөліктерді және азаматтарды тексеруде.

СҰРАҚ: – Кімдерге рұқсат берілген?
ЖАУАП: – «Сергек» блок-пост деректер қорында бар автокөліктер мен азаматтар кедергісіз өтуде, ал базаға тіркелмеген автокөліктер мен азаматтар кері қайтарылуда. Сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін азық-түлік және қажетті заттарды тасымалдайтын жүк автокөліктері кедергісіз өтуде.

СҰРАҚ: – Төтенше жағдай режимі мерзімі аяқталған соң қандай да бір жеңілдіктер қарастырылды ма?
ЖАУАП: – Аталған бұғаттау бекеттерінде өту тәртібі, шектеулер және талаптар сақталған. Оған қандай да бір өзгерістер енгізілген жоқ.

СҰРАҚ: – Шымкент аумағынан тыс қала, ауданаралық бағытта жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген такси жүргізушілері мен жолаушыларға қандай талаптар қойылады? оларда қандай құжаттар болуы керек?
ЖАУАП: – Қаладан тыс және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізушілеріне бұғаттау бекеттерінен өтуге рұқсат берілмеген.

Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент

Шымкент Қаласының Полиция Департаменті

Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық

#ХалықҮнінеҚұлақАсатынМемлекет #карантин #КеріБайланыс #коронавирус

Қатысты жаңалықтар

Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

azatmedia

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

azatmedia

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

azatmedia

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

azatmedia

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

azatmedia

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

azatmedia

WORLD CLEANUP DAY АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру