Санатталмаған

ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕЛІ ЖҮРУДЕ

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен аймақтарды ретке келтіру жұмыстары көктемгі дала жұмыстарын нәтижелі жүргізу ісіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Қазірдің өзінде мырзашөлдік шаруалар 60 мың 926 гектар егістік алқапқа түрлі дақылдар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Бүгін бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia.

Бөлім басшысының айтуынша, Мақтаарал ауданындағы 5 ауылдытопан су шаюына байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан жоспарлы жұмыстар жүйелі жүзеге асуда. Бүгінге дейін ауданда 1689 гектарға дәнді және бұршақты дақылдар, 42043 гектарға мақта, 9893 гектарғакартоп, көкөніс және бақша дақылдары, 1620 гектарға мал азықтық, 449 гектар аумаққакүріш дақылдарыотырғызылған.

«Ауданда әрбір гектардан түсетін өнім көлемін ұлғайту мақсатында бір жерден екі рет өнім алу жұмысы тиімді жүзеге асып отыр. Биылдың өзінде ауданымызда 84 шаруа қожалығы 349 гектар егістік алқапқа ерте пісетін қырыққабат дақылын егіп, бүкіл әлемдік карантинге қарамастан 5721 тонна қырыққабат өнімін еліміздің өзге аумақтары мен ТМД елдеріне экспорттау жұмыстарын жүргізуде. Аталған 84 шаура қожалығының 10 шаура қожалығы өнімін жинап екінші өнімге бақша дақылдарын егу жұмыстарын жүргізуде», – дейді Ғалым Мырзаханұлы.

Жалпы шаруалардың мол өнім алуына себеп болатын факторлардың бірі- мемлекет тарапынан берілетін жәрдем. Биылғы жылы мақтааралдық диқандар «Qoldau.kz» сайты арқылы мемлекеттік жәрдемдерді (субсидияларды) алуда. Бүгінгі таңға жеңілдетілген бағамен 20 мың тонна минералды тыңайтқыш үлестірілген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 4160 мың тоннадай жанар-жағар май бөлініп, оның 1335 тоннасы шаруаларға таратылған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру