Санатталмаған

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН ҚҰЛАУ ЖИІ ОРЫН АЛУДА

AzatMedia. Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі жазғы шомылу маусымы кезінде суайдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Өкінішке орай, биылғы жылдың өзінде өңірде 8 өлім оқиғасы тіркелген, олардың ішінде 2 мен 8 жас аралығындағы 6 бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД-ң аға офицері Ораз Айтқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, балалардың суайдындарында қайтыс болуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы. Алайда өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 30% төмендеген.

«Өткен жылы 46 оқиға тіркеліп, нәтижесінде 48 адам қайтыс болды, олардың 18-і балалар. Талдау көрсеткендей, барлық жазатайым оқиғалар құтқарушылармен күзетілмейтін жерлерде орын алып отыр.Облысымызда ресми түрде тіркелген 110 демалыс орны бар. Ол жерлерде құтқарушылар қарастырылған. Сонымен қатар, су айдындарында облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін суда жүзуге тыйым салынған 268 белгі, 49 қауіпсіздік ережелері көрсетілген жарнамалық билбордтар орнатылды. 12 демалыс аймағының иелері меморандумға қол қойды», – деді Ораз Шералыұлы.

Сондай-ақ, ол брифингте өңірде жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны өскендігін айтты.

«Жыл сайын көпқабатты үйлердің терезесінен құлаған балалардың қаза болу жағдайлары тіркеледі. Әдетте, көбіне ересектер тарапынан балаларға деген бақылаудың жеткіліксіздігінен болады. Сондай-ақ,терезені жабуды ұмыту, терезелерде блокираторлардың не тұтқаларының болмауы, балаларға өз бетінше терезелерге шығуға мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауы, жабық терезенің иллюзиясын жасайтын маса торларының болуы себеп. Мәселен, Түркістан облысында өткен жылы 3 оқиға тіркелген. Ол кезде 8 және 4 жасар балалардың терезеден құлауы салдарынан жарақат алуы орын алған. Ал 1 жасар бала оқиға орнында мерт болды. Терезеден құлауды болдырмау үшін ата-аналар тарапынан өздерінің жас балаларына бақылауды күшейту қажет», – деді ол.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ 14 ЖЫЛЫТУ ПУНКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 2 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ «ЖАРЫҚ» МЮЗИКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА 70 ТОННАҒА ЖУЫҚ БИДАЙ ЖЕТКІЗІЛДІ

azatmedia

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ЖЫЛ БАСЫНАН ОРТАЛЫҚТА 800-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАБЫҚ ҮЛГІДЕГІ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру