Спорт

АСЫҚ АТУДАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында, «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек», деп атап өткен болатын. Салауатты өмір сүру дегеніміз, ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.

Шардара қаласында асық ату спортынан ересектер арасында Түркістан облысының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық спортымыз саналатын асық ату сайысына 7 ауданның құрамасы қатысты.

Тартысты сайыста Түлкібас ауданының жігіттері командалық есеп бойынша 1 орынды жеңіп алды. Ал, Шардара құрамасы 2 орынға жайғасса, жүлделі үштікті Созақ ауданының командасы қорытындылады.

Сонымен қатар, бес асықтан әйелдер арасындағы жекелей сайыста мықтылар анықталды. Бұл бәсекеде Қазығұрт ауданының аруы Камила Батырбекова жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орын Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің шәкірті Фариза Мемековаға бұйырса, ал қола жүлде қазығұрттық Фарида Төлепбергеноваға тиді. Асық атудан Түркістан облысының аға бапкері Оралхан Айдарханұлының айтуынша, облыстық чемпионаттың негізгі мақсаты -шеберлігімен көзге түскен саңлақтарды іріктеп, республикалық чемпионатқа дайындау.

Қатысты жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовке тоқалы қыз туып берді

azatmedia

Роналду «Ювентустан» кете ме?

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР СТЕНД АТУДАН 18 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

azatmedia