Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ГАЗ КІРГІЗІЛІП, КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Сауран ауданында инфрақұрылымды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстардың бірқатары жөнінде Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындарымен кездесуінде баяндады. Осы жылдың наурыз айында 13 көшеге көгілдір отын кіргізілді. Тағы 27 көшенің тұрғындары көмір тасып, күл шығарудың машақатынан арылмақ. Көптен күткен жасы мен жасамысы үшін қуаныш. Ауылдарды газбен қамту кезең-кезеңімен жүзеге асады.

– Ауыз су, жол, жарық, газ – аудан үшін басты мәселе. Біз жоспар жасап, сіздердің талаптарыңызды кезең-кезеңімен орындауды қолға алып жатырмыз, – деді аудан әкімі.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Ескі Иқан ауыл округіндегі Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, Достық-2, Достық-4, М.Әуезов, Сұлтанқожа, Салауат көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына мердігер мекемелері анықталып, құрылыс жұмыстары басталады. Жоба құны – 149,1 млн. теңге. Ескі Иқан елді мекеніндегі су тазарту қондырғысына 45 шақырым су құбыры желісін тартуға ЖСҚ әзірленген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалаларды аралап, тұрғындармен кездесу барысында түрлі өтініштер тіркелген болатын. Өңірде осы өтініштерді орындау бойынша жұмыстар жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫҢ БАЗЫНАСЫ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНДА САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР САБЫН МЕН КІР ЖУҒЫШ ҰНТАҚ ШЫҒАРУДА

azatmedia