Ақпарат

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫ АЛДЫН АЛУ ТИІСТІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінде Шымкент қаласы аумағында атқарылып жатқан заңсыз құрылысты алдын алу шаралары барысын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы akimat_shymkent парақшасы арқылы тікелей эфирде баяндады.Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына қолайлы жағдай жасау – мемлекет міндеті. Бұл бағыттағы шаралар басқарма тарапынан барлық заң талаптары аясында атқарылуда. Сондай-ақ заңсыз құрылыспен күрес жұмыстары да күшейтіліп, құқықбұзушылықтар жойылуда. Қаладағы 14 көлік жуу орны бойынша басқармамен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.Сотқа талап-арыз жолданып, 8 нысанға қатысты бұзу туралы сот шешімі шықты. Қалған нысандарға қатысты істер сотта қаралуда.Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес, құрылыс салу келесі кезеңдерде жүзеге асырылады.1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы);2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу;4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

azatmedia

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЕЛДІ ДЕМОКРАТИЯЛАНУҒА БАСТАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАУ ОРЫНЫ АШЫЛДЫ

azatmedia