Ақпарат Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА 19 НЫСАН САЛЫНАДЫ

Шымкент қалалық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, 2023 жылға ауқымды жоспар құрылған. Бюджет есебінен әлеуметтік салада 19 нысанның құрылысы жоспарланды.Оның ішінде білім саласында – 7, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында 1 нысаннан, ал спорт саласында 4 нысан салынбақ. Атап айтқанда үшінші мегаполистегі №8, 65, 45 мектептерге қосымша ғимараттар (2000 орын), №4 өнер мектебі, әкімшілік-іскерлік орталықта және Тұран шағынауданында бір-бірден оқушылар сарайы және №10 колледжге қосымша ғимарат салынбақ.Қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан 6 нысан жыл соңына дейін аяқталады, ал 1 нысан 2024 жылға өтпелі. Ол – Тұран шағынауданындағы оқушылар сарайы, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.Мәдениет саласында Конгресс-холл мен 4 спорт нысанының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Олар – «Метталург» стадионын қайта құру, №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат, Бозарық шағынауданындағы ауыр атлетика мектебінің құрылысы мен медициналық колледждің спорт залы.Сонымен қатар, төтенше жағдайлар саласында 3 нысан салу жоспарланып, екеуі биыл пайдалануға берілуі тиіс. Олар – әкімшілік-іскерлік орталықтағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, Түркістан көшесіндегі 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы. Ал Сайрам шағынауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.Қалалық құрылыс басқармасы Шымсити шағынауданындағы 2 саябақ, Қазыбек би көшесінде стационар мен Ақтас шағынауданынан ит және мысықтарды уақытша ұстау нысанының құрылысын салуды жоспарлап отыр.

“Шымкент келбеті”

Қатысты жаңалықтар

ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

«Жыныстық сауаттылық туралы оқытылады»: Ақпарат министрлігі

azatmedia

Мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді білу міндеттелгелі жатыр

azatmedia