Соңғы жаңалықтар

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ АРДАГЕР-ҰСТАЗҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласындағы №45 сайлау учаскесінде шәкірттер ұстазын туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасады. Зейнекүл Үсенова – №52 мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы. Математика пәнінің мұғалімі аталған білім ордасында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ардагер ұстаздың туған күні – сайлау күнімен тұспа-тұс келді.

–Ел Президентіне даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Бюллетенді салып болғаным сол еді, шәкірттерім гүлімен алдымнан шықты. Туған күнімді ұмытпапты. Осылай қос қуанышты сезініп жатырмын, — деді ұлағатты ұстаз толқынысын жасыра алмай.

Зейнегүл Үсенова тәрбиелеп шыққан шәкірттер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

–Ұстазымыздың туған күні – 20 қараша. Мектеп кезінде де, кейін апайымыздың туған күнін ұмытпай құттықтап тұратынбыз. Зейнегүл апайдың туған күні сайлаумен қатар келіп, сайлау учаскесінде қуантқымыз келді, – дейді шәкірті Әсел Мәлік.

«Шымкент келбеті»
Фото Серік Қосаев

Қатысты жаңалықтар

Иті мен мысығына дұрыс күтім жасамаған қазақстандықтар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

azatmedia

Семейліктер ереуілге шықты

azatmedia