Соңғы жаңалықтар

Ежелгі діндер – Зороастризм

Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт – Зороастр. Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны «уаху мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады.

«Ахура» қазақ тілінде – ақылды, «мазда» – құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар:

1. Митру құдайы. Міндеті жарату.

2. Анахиту – су құдайы.

3. Варуну – соғыс және жеңіс құдайы.

Бұларға қарсы Ақырман – зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын «Ақырман келеді» деп қорқытқан. Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді. Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған.

Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау – күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді.

Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда оттың жалыны түзу болу керек, себебі қисық болса, бұл баланың жын-шайтаны көп болады деген. Әйел босанғаннан кейін тазару жолын қиындатқан. Бірінші күні таза су ішкізбеген, отқа жылынуға тыйым салған.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИТСЯ ЕЖЕДНЕВНЫЙ МОНИТОРИНГ ПО СТАБИЛИЗАЦИИ ЦЕН НА ПРОДУКТЫ ПИТАНИЯ

azatmedia

Дәмханаға барған астаналық 90 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

azatmedia

ПАЛУАНДЫЛЫҚ — ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ТАБИҒИ ТАЛАНТЫ

azatmedia