Соңғы жаңалықтар

Дін бірлігі – ел бірлігі

Кез-келген ұлттың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтары мен өркениеті болады. Сондай-ақ, қазақ ұлтының да өзіндік ұлттық құндылықтары, ұстанған діні, қалыпқасқан өркениеті бар. Осы айтылған құндылықтарды сақтап болашақ жастарға үйретсек елдің бірлігі сақталатыны ақиқат.

Елімізде ислам дінін ұстанатын адамдар көп десек те болады. Ислам дінінің ішінде Ханафи мазһабы мен Матуриди сенім мектебін ұстанады. Осы сенім мен таным қауымның дүниеге көзқарасын, мақсат-мұратын, өмір сүру тәсілі мен дағдысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін қалыптастырады. Мұнсыз ел, ұлт, мемлекет жоқ.

Елдік есімізді жиып, халық, ұлт болып қалыптасуымызда жоғарыда айтылғандар айрықша рөл атқарады. Сондықтан Шығыс халықтары мұны ескеріп, рухани байлыққа, таза сенім мен білімге негізделген ұстанымдарға сай құндылықтар жүйесін құрды. Ол Құранда айтылатын ханифтік діндер ұғымына сәйкес келетін көне замандардан жеткен ежелгі ақпараттар қатарында да әуелі Жаратушы Күштің, Құдіретті Алла Тағаланың адамзатқа берген сыйы. Осы арқылы қазақ халқы да әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрі мен діни сенімін анықтаған. Демек, діни ұстаным ел, ұлт болуымызға негізгі жетекші рөл атқарады. Ол жоғары дәрежелі айрықша қалыбы мен мәні өзіне тән сән-салтанаты бар қазақ халқының мәдениетіне айналды. Әр халық солай өсті, осылай жетіліп ел болды. [1]

Қазақ халқында ислам дінінің Ханафи мазһабын ұстану кеңінен таралған. Біз үшін Ханафи мазһабы Ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрлермен байланысы өте маңызды. Сондықтан қазіргі уақытта біз ежелден келе жатқан Ханафи мазһабын, осы құндылықтарымызды балаға мирас ретінде қалдыруымыз қажет. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде дәстүрлі діннің рөлі ерекше маңызды. Туған елдің мәдениеті мен тарихын, ана тілі мен ата-баба дәстүрлерін құрметтеуге негізделген патриоттық сезімі бар жас ұрпақ елдің лайықты азаматы болуға ұмтылуы тиіс. Сонымен қатар, жастарға бұл патриоттық сезімді қалыптастыруға ақсақалдар, үлкендер және аға буынды ой тоқтатқан азаматтар да ат салысуы қажет. Дін мен дәстүр ұлттық құндылықтарымызбен ұштасқан осы қос қағида халқымыз үшін құстың қанаты іспетті қастерлі ұғым. Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарды біріктіру, татуластыру, ынтымақтастыру жолында қаншама тер төкті. Елбасының сөзінде «Ел ішінде бірлік, татулық болсын» – деп айтқан. Бірліксіз ешнәрсе туындамайды. Шынында да 5 саусақ бірікпесе, жерден бір шөпте жұла алмайсың. Біздің ата-бабаларымыз Ислам дінін қабылдаған. Бабаларымыз өзінің ұлттық дәстүрімен Ислам дінін қабаттастыра дамытқан. Қазақтың шариғатқа негізделген дәстүрі бар. Ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт-дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Оларды бір-бірінен бөліп те қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін-бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттың болмысын құрайды. Біздің қазақтың ұлттық және діни дәстүрлері тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі орасан. [2]

Қорыта айтқанда, елімізде дін мәселелері күн тәртібіне шығудың себебі, дәстүрлі сенім мен танымды жастардың дұрыс түсінбей басқа ағымдарға еруінде. Басты мәселе сенім мен танымды дұрыс ажырата біліп, осы бағытта жұмыс атқарсақ өзекті мәселелердің шешілетіні ақиқат. Қандайда бір ұлт салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне аса мән берген елдің іргесі берік, болашағы кемел болары анық. Асыл дініміз исламнан бастау алған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз ұлтымызды өзгелерден ерекшелейтін құндылықтар. Ата-бабаларымыз сан ғасырлардан астам уақыт ұстанып келген сенім мен танымын, салты мен дәстүрін, ұлттық құндылықтарды ұстанатын болсақ ешқандайда дау-дамайдың болмайтынын ақиқат.

Н.Әмзеев, теолог маман, Түркістан қаласы.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқанның күміс таяғын сыйға алған «Кавказ алыбы»

azatmedia

Study Paid for by Grain Industry Says White Bread Not so Bad

azatmedia

«ТАЗА ҚАЛА» ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia