Соңғы жаңалықтар

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы

Қазіргі таңда еліміздегі діни ахуал тұтастай алғанда бірқалыпты. Бүгінде Қазақстанда 18 конфессияға қатысты  діни бірлестік қызмет етуде. Оның ішінде исламдық діни бірлестіктер саны басым. 

Діни ахуалдың дамуы үшін елімізде толыққанды құқықтық база қалыптастырылған. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында діни саладағы барлық шаралар мен ережелер реттелген. 

Ғибадат үйлерін салу, діни жораларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру, діни әдебиеттерді тарату үшін арнайы орындарды белгілеу, миссионерлік қызметті жүзеге асыру және т.б. бағыттарда нақты талаптар мен стандарттар қабылданған. 

Экстремисттік әдебиеттердің елімізге енуіне жол бермеу мақсатында діни әдебиеттер сараптамадан өтіп, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын діни әдебиеттердің ел аумағына кіруіне тосқауыл қойылған.

Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындардың діни мәселелері туралы сауатын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша қоғам арасында кешенді түсіндіру жұмысы жолға қойылған.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде мемлекеттік бағдарлама жасақталып, іске асырылуда. Исламның дәстүрлі қағидаларын түсіндіретін және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталдары құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Нәтижесінде діни мазмұндағы Интернет ресурстарына сараптама жасалып, күдікті сайтты жабу туралы ұсыныстар әзірленеді.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

«50 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін» – ДСМ өкілі

azatmedia

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН АРАЛАДЫ

azatmedia

Қ.Тоқаев: «Проблема шешілмей келеді»

azatmedia