Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІ ӘСКЕРИЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

AzatMedia.kz. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде аянбай қызмет еткен бір топ ерікті әскерилер аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, қысыл-таяң шақта жанашырлықпен елге қызмет көрсеткен азаматтарға алғысын айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде «COVID-19″ індетінің таралып пандемия деп жариялануына байланысты елімізде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету шаралары қолға алынғаны белгілі. Осы ретте Мемлекет басшысы «Әскери міндеттілерді арнуалы жиындарға шақыру туралы» Жарлығына шығарып, ауданымыздың қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тарапынан азаматтарды қоғамдық жұмыстарға шақыру істері ұйымдастырылған болатын.

Сол ерікті әскери міндетті азаматтар ретінде шақырту тізіміне сіздер іріктелдіңіздер. Сондан бері карантиндік режимге байланысты тиісті шаралардың атқарылуына аянбай атсалыстыңыздар. Сол үшін де сіздерге мың да бір алғыс білдіргім келеді», – деді аудан әкімінің орынбасары.

Ауданда карантиндік режим кезінде 1 санитарлық және 4 блок-бекеттері құрылған. Сол бекеттерде өз еріктерімен келген 12 әскери еріктілер аяқтан тік тұрып қызмет көрсетті. Сондай-ақ, олар Өзбекстан Республикасындағы «Сардоба» су қоймасы жарылып, аудандағы топан судан қауіп төнген ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарына белсенділік танытқанын айта кету керек.

«Біз жалпы 1 ай ерікті ретінде жұмыс істедік. Алғашқы 10 күн бекеттердегі қауіпсіздікті күзетсек, кейінгі 20 күн топан судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетумен және орталықтандырылған қоймада тауар тасумен айналыстық. Бүгін осынау еткен еңбегіміз ескеріліп, марапатталып жатырмыз. Біз халықтың пайдасына жұмыс істеуді жалғастыра беруге қашанда дайынбыз», – деді Алғыс хатқа ие болған Арман Даербеков.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ СҮТ ӨНІМДЕРІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТТІК ШЕШІМДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҒЫНДА 30 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

azatmedia

Пікір қалдыру