Санатталмаған

БАЛЫҚТАР ЖЕУГЕ ЖАРАМСЫЗ

AzatMedia.kz. Сардоба су қоймасынан Мақтаарал ауданы аумағына ағып келген топан судағы балықтар жеуге жарамсыз.

Бұл туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» мамандары жасаған қорытындыға сай мәлім болып отыр.
Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкі ағзаларынан бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған.
«Біз 12 мамыр күні су басқан елдімекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 4 дана балықты «Республикалық ветеринариялық зертханасына» жіберген болатынбыз. Бүгін қолымызға сараптама қорытындысы келіп түсті. Осы қорытындыға сай біз су басқан аумақтарда балық аулауға болмайтынын ескертеміз. Сонымен қатар, балық аулау фактілерінің тіркелмеуін қадағалаймыз», – Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай.
Осыған орай Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы сарқынды сулардағы балықтарды аулап, көзін жою жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, халық арасында сарқынды судағы балықтарды аулауға, тұтынуға болмайтыны жөнінде насихат жұмыстары жалғасуда.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру