Соңғы жаңалықтар

МИНИСТРДІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысына сапары барысында жеңілдетілген несиелендіру шеңберінде өңірде іске асырылатын жобалардың инвесторларымен кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-минстрі Әбілқайыр Тамабек және елге танымал кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты. Несиелендіруді 4 бағытта жүзеге асыру жоспарланған. Осы бағытта өңірде жалпы құны 56,6 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба анықталды. Қажетті несие көлемі — 42,9 млрд. теңге. Оның ішінде сүт-тауарлы фермалары бойынша 4 жоба арқылы жылына 18,7 мың тонна сүт өндіріледі. Ет бағытындағы құс фермаларын салу бойынша 4 жоба жүзеге асып, жылына 21,2 мың тонна құс етін өндірмек. Сонымен қатар суару жүйелерін енгізу бойынша 5 жоба анықталды. Суару аумағы — 5,7 мың гектар. Жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын салуға бағытталған 5 жобаның сыйымдылығы 40 мың тонна. Нәтижесінде сүтпен 42,1%, құс етімен 78,6% қамтамасыз етілсе, суару көлемі 46,9 мың гектарға, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларымен қамтамасыз етілуі 63,5 % жеткізіледі.Бұдан бөлек, облысқа маңызды жобалар да талқыланды. Өнеркәсіптік жылыжай кешені, мал бордақылау кешені, балық шаруашылығы және өсімдік өнімдерін қайта өңдеу бағытында несиелендіру туралы ұсыныстары айтылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ЦИТАДЕЛЬ» – ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

azatmedia

«Күйеуімнен құтылдым»: Астаналық әйел Сара Амангелдімен көңіл қосқан бұрынғы жұбайы туралы айтты

azatmedia

Қазақстанда 1 қала қатаң карантинге жабылды

azatmedia