Соңғы жаңалықтар

ОРТАЛЫҚТА ПРОВИЗОРЛЫҚ БӨЛІМ КЕҢЕЙТІЛДІ

AzatMedia. Шымкент қаласында қалалық кардиологиялық орталығында жүрек ауруымен бірге COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында жұқпалы аурулар емханасы ретінде жұмыс жасап жатқан провизорлық бөлімде қосымша отыз төсек орын қарастырылған.

Орталықтан ашылған арнайы бөлімде коронавируспен ауырған науқастардың денсаулығын жақсарту үшін үздіксіз оттегі берілетін тоғыз механикалық желдету аппараты қолданылады. Сонымен қатар, барлық қажетті дәрі – дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Провизорлық бөлімге алғашқы күннен бастап жиырмаға жуық науқас келіп түскен. Ал, жағдайы өте нашар және ауырлығы орташа науқастар бірден ауруханаға жатқызылады. Келіп түскен науқастардың басым бөлігі екі жақты пневмония дертіне шалдыққандар болып отыр. Жағдайы ауыр науқастар үшін орталықтағы реанимация бөлімшесінда қосымша жиырма төсек дайындалған.

Жалпы, қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында шаһардағы денсаулық саласындағы атқарылып жұмыстарға Шымкент қаласының әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан барынша қолдау көрсетілуде.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА БАТЫР АНАЛАРДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

azatmedia

Пікір қалдыру