Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаш тұрғындары жылусыз қалмайды

«Ауданда шамамен толық жылумен қамтамасыз етілген және қысқы суыққа дайын»- дейді, қала әкімі!

Сарыағаш қаласы аумағында 19 әлеуметтік нысан орналасқан. Оның ішінде: 12 мектеп, 4 мемлекеттік балабақша, 1 аудандық аурухана, 1 жүйке аурулары диспансері, 1 кітапхана бар. Аталған нысандардан 8 мектеп, 4 мемлекеттік балабақша, 1 аудандық аурухана, 1 жүйке аурулары диспансері, 1 кітапхана табиғи газ арқылы жылытылады. №71 және №60 мектептер көмірмен жылытылады. 

Сарыағаш қаласы, Мөлтек шағын ауданында орналасқан орталықтандырылған жылу қазандықтары арқылы 20 көпқабатты тұрғын үйлер мен 2 әлеуметтік нысандар жылытылады. Олар: №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мен Халыққа қызмет көрсету орталығы нысандары. 2020 жылдың соңғы тоқсанында Сарыағаш қаласы әкімі аппараты тапсырысшы болып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен жеңімпаз анықталған «Bagdat Stroy KZ» ЖШС тарапынан «ART Boilers КГ» маркалы жылу қазандығы орнатылып, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына іске қосу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

Қашыртқыларды тазалау жұмыстары жүргізілді

azatmedia

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы екпе салу басталды

azatmedia