Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы аумағы бойынша 2021 жылғы І тоқсанда «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» алуға Сарыағаш қаласы әкімі аппараты жанынан құрылған учаскелік комиссияға қала тұрғындары тарапынан 927 отбасы өтініш тапсырылған.
Учаскелік комиссияның шешімімен, 808отбасыныңқұжаттарымұқтаж отбасы ретінде Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту орталығына хатпен жолданған. Сонымен қатар учаскелік комиссия тарапынан 119 отбасымұқтажемесдеп танылып, құжаттарыкері қайтарылды. Оның ішінде шартсыздар саны – 142 отбасы, шарттылар – 785 отбасы.
ІІ тоқсанда 856 отбасы құжат тапсырып, Сарыағаш қаласы әкімі аппараты жанынан құрылған учаскелік комиссия тарапынан 52 отбасы мұқтаж емес, ал 804 отбасы мұқтаж болып танылған. Оның ішінде шартсыздар саны – 141 отбасы, шарттылар 715 отбасын құрап отыр.
ІІІ тоқсанда 490 отбасы құжат тапсырып, Сарыағаш қаласы әкімі аппараты жанынан құрылған учаскелік комиссия тарапынан 138 отбасы мұқтаж емес, ал 352 отбасы мұқтаж болып танылған. Оның ішінде шартсыздар саны – 158 отбасы, шарттылар – 332 отбасы. ІІІ тоқсанда комиссия тарапынан мұқтаж емес болып танылғандар 29 пайызды құрап отыр. Бұдан бөлек, 702 отбасына дәрі қобдишасы (аптечка) таратылған. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 307 отбасының 1-6 жас аралығындағы 538 баласына әлеуметтік азық-түліктер үлестірілген.