Санатталмаған

СУ БАСҚАН 3 АУДАНЫ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ

13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді.

Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінде су деңгейінің көтерілуінен 4 үй, 376 аула аумағын су басты. Жергілікті маңызы бар төрт көпірді су шайып кетті. 8 бас ірі қара және ұсақ мал шығыны болды. Аудан орталығы Ленгір қаласындағы 20 аула су астында қалды.

№5 кәсіби техникалық колледж базасында зардап шеккен Сұлтан рабат ауылының 150 тұрғынына эвакуациялық пункт ұйымдастырылды. Ол жерге 70 адам жайғастырылды. Оның 32-сі балалар. Тағы 80 адам жақын маңдағы туыстарының үйіне орналасты. Қосымша Көксәйек елдімекенінде орналасқан №9 көпсалалы колледжінде 150 адамға арналған эвакуациялық пункт дайындалды.

Қазығұрт ауданында 6 үй ауласы мен Қаржан ауылындағы «Семби» емханасының аумағын су басты. С. Рахымов ауылдық округінің тұрындарын эвакуациялауға Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. Көкібел ауылынан 133 адам эвакуацияланды. Оның 45-і балалар. Барлық эвакуацияланған тұрғындар туыстарының үйлеріне жайғастырылды. Қазіргі таңда су басқан аймақтардағы арықтарды тазалау жұмыстарды жүргізілуде.

Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты каналынан тасыған су салдарынан 3 елдімекендегі 13 үй ауласын су басты. Су деңгейі 20 см-ге дейін көтерілген. Төтенше жадай қызметкерлерінің көмегімен Тұрақты ауылынан 55 адам Ақбастау ауылындағы Ш.Уәлиханов орта мектебіндегі эвакуациялық пунктте орналастырылды. Оның ішінде 18-і жас балалар.

Түркістан облысының ТЖД жанынан департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінен құралған жедел штаб құрылды. Су тасқыны зардабын жоюа 612 маман мен 84 техника 47 мотопомп жұмылдырылды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру