Шымкент қаласы мәслихат депутаты Мұрат Жолдыхожаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеп келеді, – деп жазады Аnyqtimes.kz.
Халық қалаулысы партия бағдарламаларын жүзеге асыру мен депутаттық міндеті турасында былай дейді:
«Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға ие.
Билеуші партия әрқашан халықтық партия болып келеді. Біз еліміз бен оның әрбір азаматының тағдыры мен болашағына жауаптымыз. Біз қолжеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеологиямызды жүзеге асыра береміз.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасындағы» индекаторлардың орындалуы бойынша мәслихат депутаты ретінде атсалысып келеміз.
Бүгінде нәтиже бойынша біз жағдайдың күрделі екеніне қарамастан даму мен өркендеу жолында ілгері қадам басудамыз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында сайлауалды бағдарламасының жасалғаны өздеріңізге белгілі.
Осы тұрғыда тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Бұл жолда біз көздеген мақсатымыз бен арманымызға бірге жетеміз!»