Шымкент қаласы мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Мұрат Жаңабайұлы мәслихат мінберінде бірнеше депутаттық сауал көтеріп халықтың игілігі үшін нәтижелі іс атқарып келеді.
Атап айтар болсақ, ағымдағы сегіз айдың қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасындағы» индекаторлардың орындалуы бойынша бірнеше депутаттық сауал жолданып, өз кезегімен орындалып келуде.
Соның бірі қала бойынша тоғыз мазаратты қайта қалпына келтіру бойынша депутаттық сауалы қолдау тауып бүгінгі таңда межелі түрде жұмыстар атқарылуда.
Жақсы істердің жаршысы болып жүрген халық қалаулысы Мұрат Жолдыхожаев алдағы уақытта да ел игілігі үшін елмен бірге еселі еңбек ететіні анық.