Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 100 МЫҢ КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың құрылысы басталды, – деп хабарлайды Anyqtimes.kz.

Екі қабатты кітапхана ғимаратының құрылысын «Құрылыс Энерго KZ» ЖШС-гі жүргізуде. Республикалық бюджеттен қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған аудандық орталық кітапхананың ғимараты ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталып пайдалануға беру жоспарлануда.


Бүгінде аудандық мәдениет үйінің ғимаратында отырған орталық кітапхана 2022 жылдан бастап жаңа ғимаратта жұмыстарын бастамақ. Жаңа білім ошағының құрылыс барысы аудан басшылығының жіті бақылауында.
Жалпы, Бәйдібек ауданында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, 1-еуі аудандық орталық кітапхана, 1-еуі балалар кітапханасы бар. Ондағы кітап қоры – 221 849.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

Қажымұқан – қазақ балуандарының бренді. Кинодағы Қажымұқан …

azatmedia