Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ «ФОСФОР» АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР РЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Осы жылдың 10 шілдесінен бастап №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді. Осыған сәйкес, медициналық мекеме ковидке шалдыққан науқастарды қабылдайтын болады.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов аурухананың инфекциялық стационар ретінде дайындық барысымен танысып қайтты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қаладағы емдеу мекемесінің бас дәрігері Туманов Қанаттың айтуынша, мұндағы инфекциялық стационар 250 төсек орынға дайындалған. Төсек орындардың барлығына оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Мұнан бөлек 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.

Ал, медицина мамандары науқастарға қажетті кислородты аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады. Өткен жылғы жағдайды ескере отырып, шаһар басшысы аурухана бас дәрігеріне ковидке шалдыққан науқастарды қабылдау барысын тағы да пысықтауды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

38 миллион теңгеге 5 дәретхана орнатқан

azatmedia

САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

azatmedia