Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ОТАНДЫҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов электр энергиясы саласында танымал «Сайман Корпорациясы» ЖШС-гі өнімдерінің таныстырылымына қатысты. Бұл электр энергиясын есептеу құралдары өндірісінің толық циклі бар отандық аспап жасау саласындағы жетекші кәсіпорын болып табылады.

Әкім назарына кәсіпорынның электронды электр және газ есептегіштерінің, ток трансформаторларының, электр энергиясын өлшеудің ішкі және сыртқы шкафтары, панельдік жабдықтар, жарықдиодты өнімдер, электр энергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесі мен сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ұсынылды.

Қала басшысы әрдайым отандық өнімді қолдайтынын айтып, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелерге аталған корпарацияның өнімдерін ұсынуды айтты.

Бұдан бөлек, серіктестік Қазақстанның басқа өңірлеріндегі компания ұсынған сыртқы жарықтандыру жұмыстары сынды бірнеше нысанды мысал ретінде көрсетті.«SAIMAN» құрал өндіру зауыты Алматы қаласында орналасқан. Компания өз қызметінің 29 жылдан астам тарихында нарықта сенімді серіктес – өндіруші, өлшеу аспаптары мен энергия ресурстарын есепке алу бағдарламалық жасақтамасын жеткізуші ретінде беделге ие болған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АЛТЫ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

Оралда ер адам 12 жастағы қызбен төсектес болған

azatmedia

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЛЕРЕІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia