Санатталмаған

ШӨКЕЕВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫН АРАЛАДЫ

AZATMEDIA.kz. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданын аралап, нөсерлі жауыннан зардап шеккен нысандарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеуде. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев төрағалық ететін төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Әр секторға жауапты болып Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының әкімдері бекітілген.

Орын алған жағдайды ретке келтіру мақсатында бүгінгі таңға 293 адам, 27 мотопомпа, 38 техника жұмылдырылған. Келтірілген залал шығындарын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта селден жапа шеккен 30 -дан астам үй анықталып, олар қайта салынатын болады.

Сондай-ақ, нөсер жауынның салдарынан Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі «Қасқасу» өзені бойында орналасқан 4 көпірді су шайып кеткен болатын. Қазіргі таңда жобалық құны 82,8 млн. тг құрайтын 4 көпірдің сметалық құжаттамалары әзірленген.

Жоғарғы Қасқасу елді мекенінде 44 абонент ауыз судан уақытша ажыратылған болатын. Аудан әкімдігі тарапынан шұғыл қалпына келтіру шаралары қабылданып, аталған абоненттерге ауыз су 15.05.2020 жыл сағат 19.00-ге дейін қосылды.

Барлық атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан облыс әкімі штаб жұмысына жоғары баға берді.

Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде электр энергиясы және табиғи газбен қамту жағдайы тұрақты екендігіне көз жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласына, оның ішінде 76 үйге су кірген болатын.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру