Соңғы жаңалықтар

Атыраулық аспаз жұмыртқаны асфальтте қуырудың тың тәсілін көрсетті (видео)

Атырауда күннің ыстығында асфальтқа жұмыртқа қуырған аспаздың әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. 12 жылдан бері аспаздық қызметте жүрген Бағдат Қадыров күннің ыстық кезін пайдаланып, асфальтта тамақ пісіруді көздеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Қадыров еліміздегі танымал аспаздардың бірі. Оның қызметін қарапайым халықтан бөлек, елге танымал, лауазымды адамдар да жиі қолданады. Дәмді ас пісірумен танылған Бағдат Атыраудағы күннің ыстықтығын көрсетуді мақсат етіп, асфальтқа жұмыртқа қуырды.

«Негізі, көпшілік астына от жақпай-ақ, жұмыртқаның асфальтке піскеніне таң қалып жатыр. Сенбей жатырғандар да көп. Әрине, үйдегі кез келген табаны алып шығып, асфальт үстіне қойсаң, жұмыртқа піспейді. Мен арнайы жаровня табаларын пайдаландым. Яғни, көпке дейін қызуды жібермей ұстап тұратын және тез қызатын табада пісірдім. Видеода көрсетілгеннің бәрі де рас. Жұмыртқа шынымен де асфальтқа пісті. Астына ешқандай от жағылған жоқ», – дейді Бағдат.

Аспаздың айтуынша, ол ешқандай хайп жасауды, шу көтеруді мақсат етпеген.

«Мен бар болғаны Атырауда күннің қандай ыстық екенін көрсеткім келді. Көпшілік пікір қалдырып, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ыстыққа ет асуға да болатынын айтып, әзілдеуде. Жалпы, хайп қуатын мақсатым жоқ», – дейді ол. Бағдат Қадыров Атырау қаласында дүниеге келген. 12 жылдан бері Алматыдағы үздік аспаздар қатарында қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда ол белгілі бір себептермен Атырауда уақытша тұрып жатқанын айтты.

Қатысты жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ «АСЫЛ ЖҮРЕК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

azatmedia

Қажымұқаннан да асқан күшті бар

azatmedia

Митинг. 1 адам қайтыс болды

azatmedia