Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірінде орын алған үлкен сынақ туралы бар шындықты айтты. Ақпарат өкілі қауіпті дертке шалдығуға аз қалған кенже баласын емдетіп, оның денсаулығы үшін барын салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына барынша ашылып, өз өмірінде болған қиын кезеңді есіне алды. Тележүргізуші Instagram парақшасында жазба жариялап, қатты қиналған сәті жайында жан сырын ақтарды.
«Қара балам Сардар. Мұнда бұйра- бұйра шаштарынан танып жатқандар көп. Ұялады өзі, мені мүлдем салмаңызшы деп. Бір үйде қанша бала болса, әрқайсысының мінезі әртүрлі болады екен ғой. Қызық. Сөзге жоқ, істің адамы. Осы баламмен 1 айлығында обструктивный бронхит диагнозымен инфекционкаға түстік. Ол кездегі аурухананың іші, жағдайын мен айтпасам да түсініп тұрған шығарсыздар. Масқара енді. Қазіргідей интернет те жоқ, суретке түсіріп министрді белгілей салатын. Астмаға айналып кетуі мүмкін дегенді естіп, сол кезде ұйқыдан қалдым. Ақтармаған, оқымаған кітабым қалмады, күнде жылаймын. Содан 3 жасына дейін қайталанбас үшін барымды салдым. Бәрін ұмыттым, өзімді жоғалттым, қайдағы шығармашылық. Әр қиындықтың артында бір жақсылығы болатыны рас екен, тек сабырлық таныта білсең», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.