Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы орайда, еліміздің барлық өңірлерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ісшаралар, оның ішінде рухани — мәдени, ел тарихынан кеңінен сыр шертетін тарихи ісшаралар жалғасын табуда.Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 19 маусым – Қала күніне орай қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Шуағын төккен шымқала» атты өлкетану кеші болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шара барысында жастарға Қазақстанның көне қалаларының бірі Шымкенттің тарихы туралы толық мәліметтер беріліп, кеңінен насихатталды. Өлкетану кешінің негізгі мақсаты- жасөспірімдерге қала туралы деректерді таныстыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру.Рухани кешке – ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек, ақын Дәркен Танабаев қатысты.Іс-шара барысында «Тарихы терең шымкент» атты бейнефильмнің көрсетілімі болды, «Шырайлым, Шымкентім» атты әдеби-композиция, «Мақтанышым мекенім» викториналық ойындар ұйымдастырылды.
Алдынғы жаңалық