Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың көрмесі өтті. Көрмеге қойылған құмыра, гүл, жеміс жидектерге арналған ыдыстар, шамдар, қобдишалар, салфетницалар, аяқ киімдер, түрлі жануарлардың моншақтардан жасалған мүсіндерін мүмкіндігі шекетеулі жандар бір ай көлемінде жасаған. Жалпы орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған түрлі шаралар жиі ұйымдастырылып жүр. Өткізілген көрме де сондай шаралардың бірі.-Бізде өткізіліп жүрген шаралардың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмай, еңбекке баулу, қаражат табуға бейімдеу. Мәселен, маусым аясында еңбек шеберханасымен алғаш рет танысып, шеберханадан қызмет алушылар көп болды -дейді, көрмені ұйымдастырушы әрі еңбек нұсқаушы Мақсат Сарсембаев.Айта кету керек, қызмет алушылардың бірі – Виктория Файзрахманова қазір көпке үлгі. Ол өзінің арбаға таңылғанына қарамастан, моншақтардан түрлі заттар жасап, оны сатып, табыс тауып жүр. Көрменің қорытындысы бойынша қол өнер туындыларын ұсынған жандар алғыс хаттармен марапатталды.
Алдынғы жаңалық