Соңғы жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде 5 айда атқарылған негізгі жұмыстарды баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді.Аудан әкімі тікелей эфир барысында инфрақұрылым, жолдар, жарықтандыру, аулаларды абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары, жалпы бес айда атқарылған негізгі жұмыстардан хабардар етті. Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр. Аудан бойынша 224 шақырым жол асфальт жабынымен жабылған (80%). 2021 жылы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. «Сәуле» шағынаудандағы 2 көше жөндеуден өтсе, орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. – 2021 жылы демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бүгінде оның 2-уі тұрғындардың пайдалануына берілді. Қазіргі таңда Әлімбетов көшесі № 45в және Текесу тұрғын алабында 2 ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындарға пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек, 5 ашық спорт алаңшасын жыл соңына дейін орнату жоспарланып отыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 9 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарына ағымдағы жылы 171,2 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде, – деді аудан әкімі.Рашид Мамытұлының айтуынша, биыл ауданда 24 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі, 77 тұрғын үйде жай серіктестік құрылды.Аудан аумағында санитарлық тазалықты қадағалау – басты назарда. Мердігер мекемелер («Нұреке Азия Бизнес» ЖШС-і, «Айдынбек» ЖШС-і) бекітілген кестеге сәйкес, аптасына 4 рет, ал жеке секторда 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізудеАудан әкімі эфир барысында тұрғындардың жол құрылысы, ойын алаңшалары, атаулы әлеуметтік көмек, инфрақұрылымға байланысты қойылған сұрақтарына жауап берді. Айта кетерлігі, тікелей эфирге жалпы 1100 қала тұрғыны қосылды.

Қатысты жаңалықтар

«18 рет ота жасалған»: 40 жастағы түркістандық әйелдің отбасы күтпеген жерден тосынсыйға тап болды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

azatmedia

2,4 миллион теңге сыйақы. «Үздік педагог» анықталады

azatmedia