Санатталмаған

САРЫАҒАШТЫҚТАР МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН БІРГЕ

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі боп жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті. Оның ішінде азық-түлік, ет, су, күріш,ұн, картоп, пияз, май,қанттан бөлек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті канцелярлық тауарлар да бар. Аталған заттар Сарыағаш ауданына бекітіліп берілген 5 мектепте орналасқан 700-ге жуық тұрғындарға күнделікті таратылып берілуде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Аудан әкімі Мұхит Отрашиев бастаған топ бірінші күннен-ақ эвакуация орындарына келіп, 5 мектепті өз қамқорлығына алған болатын. Бүгінде аталған эвакуациялық орындарда Сарыағаш ауданы әкімдігінің 30-дан астам мемлекеттік қызметкері күндіз-түні тынбай халыққа қалтқысыз еңбек етуде.


«Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды ести салысымызбен алғашқылардың бірі ретінде көмек беруді жөн көрдік. Әсіресе үйлерін су шайған азаматтарды қамқорлығымызға алуды ойладық. Бұл игі бастамамызды сарыағаштық жомарт азаматтар да бірден қолдай кетті. Ең бастысы – адам шығыны жоқ. Жан аман болса, басқасының бәрі орнына келері сөзсіз.Сондықтан Мырзашөл халқына сабырлық пен ауызбірлік тілеймін!»,-дейді Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев.


Сарыағаштықтардың қамқорлығы мен қайырымды істеріне мақтааралдықтар дән риза. Қиын-қыстау кезде кім алғаш боп көмек қолын созса, сол көзге ыстық көрінетіні бар. Эвакуация орындарын өз бақылауында ұстап, күнделікті көмегін аямай көрсетіп жатқан аудан әкімінің де жұмысына тұрғындар сәттілік тілеп,ақ баталарын жаудыруда.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру