Қоғам Соңғы жаңалықтар

Шудағы шу: Тергеу басталды

Жамбыл облысы Шу ауданынының тұрғыны учаскелік полиция инспекторын пышақтап, қашып кеткен, – деп жазады turkystan.kz.

8 маусым күні түнгі сағат 22.50 шамасында Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының ұялы телефонына Шу қаласының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің азаматтық некедегі күйеуі отбасылық жанжал шығарып жатқаны туралы айтқан.

Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы жанжал шығарушы азамат бірнеше рет пышақ салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, оның денсаулығына қауіп жоқ.

«Бұл дерек бойынша «Сирена-1», «Тосқауыл» жоспарлары жарияланып, іздеу жұмысына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Шу ауданының Алға ауылында қолға түсті, оның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды. Күдікті Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деп жазды Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов фейсбук парақшасында.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті аулдық округінде тұрғындарға екпе салу 96 пайызға орындалған

azatmedia

Түркістан: Ордабасыда ауқымды шара өтті

azatmedia

Қазақстандықтар халық санағына қатыспаса не болады

azatmedia