Санатталмаған

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ТАРТЫЛУДА

Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймақта 40-тан астам құрылыс компаниясы келіп, үйлердің іргетасын қалау жұмыстарына кірісіп кеткен.

Бұдан бөлек, мұнда 1200 орындық мектеп, 250 орындық балабақша да салынбақ. Құрылысқа негізінен Мақтаарал ауданының тұрғындары тартылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.
Ондағы мақсат – аудандағы жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамтып, әлеуметтік жағдайын дұрыстауға атсалысу.


Мырзакент іргесіндегі тұрғын үй салу жұмыстарын ерте бастаған компаниялардың бірі – «Стройконсалтинг» ЖШС-гі. Бүгінде аталған компанияда 40-тан астам жергілікті құрылысшы еңбек етіп жатыр. Аталған құрылыс компаниясы бірінші кезеңде 10 үйдің құрылысын маусым айының аяғына дейін аяқтаймыз деп отыр.
«Біз бүгінде 10 үйдің іргетасын құю жұмыстарына дайындықты бастап кеттік. Салытанатын үй көлемі 100 шаршы метрді құраса, ені мен ұзындығы 11 -де 11 метр. Бүгін -ертең бетон құюға кіріскелі отырмыз. Құрылыс жұмыстарына қажетті қол күшін негізінен Мақтаарал ауданының тұрғындарынан тартып жатырмыз. Құрылысшыларға жалақы істеген жұмыс көлеміне сай әрі кезең-кезеңімен тоқтаусыз төленіп отыратын болады. Ең бастысы мақсат – құрылысты сапалы аяқтап, елдің ыстық ықыласы мен алғысына бөлену», – дейді компания жетекшісі Талғат Оразұлы.
Мырзакент елді мекенінің тұрғыны Ердос та осында алғашқылардың бірі болып жұмысқа орналасыпты. Ол осындай қиын-қыстау кезде жергілікті тұрғын ретінде жақсы істің басы-қасында жүруді азаматтық борышым деп санайды.


«Үкіметіміз тасқын судан зардап шеккен мақтааралдықтарға арнап үй салып беріп жатқаны қуантады. Осы істің куәсі болып отырмыз. Осы ретте мен барлық Мақтаарал ауданының жұмыссыз жүрген жастарын құрылысқа атсалысуға шақырамын. Айлық уақытылы төленеді. Үш мезгіл тамағы да фирма атынан тегін қарастырылған. Ендеше үйде қарап отырмай Мырзакентіміздің өсіп-өркендеуіне бір кісідей атсалысайық», – дейді Ердос Башаров.
Айта кетейік, Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймаққа алдағы уақытта 500 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру